Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » балғындар басылыммен танысты

балғындар басылыммен танысты

Газеттің әр нөмірін қалт жібермей қарайтын көзі қарақты оқырман оның арғы жағындағы өмірді білгісі, көргісі келіп тұратыны рас. «Газетті қалай дайындайсыңдар?», «Өздерің басып шығарасыңдар ма?», «Мақаланы қайдан тауып жазасыңдар осы?» деген секілді сұрақтарын жаудыратындар жиі кездеседі. Шығармашылық адамдарының күнделікті тіршілігіне қызығушылық танытатындардың бірі – №244 мектептің бастауыш сынып оқушылары. Олар жақында ұстаздарымен бірге «Өскен өңір» редакциясында болды.
Әрнәсені білгісі, көргісі келіп тұратын талапты балалар ғимараттың табалдырығын аттаған сәттен бастап сұрақтарын жаудырды. Әсіресе, газеттің беттелуіне таңдана қарап, А3 форматтағы қағаз шығаратын құралды қызыға тамашалады. Олардың арасында бірі өскенде тілші боламын десе, енді бірі аудандық газеттің бас редакторы болғысы келетінін жасырмады. Газет редакторы Н.Пірімбет талаптары таудай балаларға сәттілік тілеп, армандары орындалуы үшін сабақты үздік оқу керектігін айтты. Сондай-ақ, шығармашылыққа бейім оқушыларды төл басылыммен тығыз байланыста болуға шақырды.
27 қараша 2017 ж. 1 343 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031