Мұражайға тарту жасады
Өткен жылы ауданымыздың кіре берісінен «Өлкетану» музейі ашылған болатын. Сол уақыттан бастап музей қызметкерлері жәдігер жинақтауға кірісті. Бүкіл мекемелерге үндеу парақшасын таратты. Тіпті, үйме-үйді жағалаған уақыттары да болды. Көненің көзін көрген, қолданысқа жарамсыз жәдігер болғанымен, отбасының, әулеті үшін бағалы саналғандықтан беттерін қайтарған жандар да кездесті. Бұдан бөлек, құнды жәдігер үшін қомақты қаржы сұрағандар да болған.
Дегенмен, құнды дүниелерін үйден гөрі музейде сақталғанын түсінген жандар араға уақыт салып, ресми түрде тіркеп, өткізіп жатты. Бүгінгі күні музей іші экспонаттарға толығып келеді.
Өткен бейсенбі күні Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ауданымыздағы бөлімдердің ішінде бірінші болып, аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нариман Сапарбай мен Шиелі аудандық спорт клубы КММ-нің директоры Нұрлан Зермұхамедов музейге арнайы атбасын бұрып, біршама жәдігерлерін ұсынды. Атап айтар болсақ, ауданымыздың абыройын қорғап, мәртебесін асырып жүрген спортшыларымыз туралы мәліметтер табыс етті. Яғни, алтын, күміс, қола медальдар, кубоктар, дипломдар мен алғыс хаттар табыстап, «бұл бастамасы, алдағы уақытта әлі табыстайтын дүниелеріміз баршылық деді», – деді Н.Сапарбай.
Ендігі жерде мүзейдің бір бұрышынан аудан спортшыларның ХХХІ «Алтын күз-2017» облыстық спартакиададан алған кубогы мен ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында Тайланд мемлекетінде өткен әлем біріншілігінде, сондай-ақ, Непал мемлекеті, Катманду қаласында өткен азия біріншілігінде 77 келі салмақта өнер көрсетіп қола жүлдегер атанған Бектай Асылжан медальдары жарқырайтын болады. Сонымен қатар, спорт ардагері, Қазақ ССР-і оқу ісінің озық қызметкері Әлімбай Дәулетовтің, Жапбар Айтжанов, Ыбырай Әбділда, Әбдікәрім Алдабергенұлы жайында да естеліктер табуыңызға болады. Ал, жас спортшылардан ҚР чемпионатының қола жүлдегері Аружан Мақсатқызының, ҚР чемпионатының жеңімпазы Ұлшынай Жұмаділдаеваның, күміс жүлдегері Нұрдәулет Темірбаев, Нұрлы Кеңесбек, Бекжан Төлепов және тағы ауданымыздың абыройын асқақтатып жүрген спортшылар жайлы мәліметтер алуға мүмкіндік ашылды.
Ерұлан ДАТКЕНОВ.