Газет оқырманымен ғұмырлы
Ақпарат құралынының өкілдеріне деген бұқараның сенімі жылдан-жылға арта түспесе, кеміген жоқ. Халық қоғамдағы күрмеуі қиын мәселенің түйінін тарқату үшін кейде БАҚ-ның көмегіне жүгініп жатады. Бұл баспасөздің төртінші билік деңгейінен түспегендігін көрсетсе керек. Газет – әу бастан шындықтың айнасы, адамгершілік пен ізгіліктің үлгісі. Шиелі аудандық «Өскен өңір» газеті де 80 жыл бойы Ахметше айтсақ, «халықтың көзі, құлағы, һәм тілі» болып ауданмен бірге жасасып келеді. Осынау жылдардың ішінде көпшіліктің мұң-мұқтажына құлақ асып, оның шешімін табуға шығармашылық бағытпен үлес қосып келеді.
Бұл сөзімізге дәлел ретінде өткен күнге көз жүгіртсек болады. Мәселен, 1967 жылы 4 мамыр күнгі санында «Өткен жылы редакцияға барлығы 1459 хат түсті. Оның 1322-і жарияланды. Сол күндері «Өскен өңірге» 62 тілші, 22 автор тұрақты жазып, газет жұмысына атсалысып тұрды» дегенді байқаймыз. Сондай-ақ «Өскен өңір» газетінің осыдан 51 жыл бұрынғы, яғни 1969 жылы жарық көрген сандарын ашып қарасаңыз, ауданның айшықты істерімен қатар сыни мақалалар мен репортаждарды жиі кездестіреміз. Міне, қазір арада қанша уақыт өтсе де, редакция жұмысы жүйелі жалғасып, оқырмандарына ойлы дүние ұсынуды ұмытқан емес. Керісінше, Тәуелсіздік жылдарынан кейінгі кезеңде қанатын кеңге жайып, қаузайтын тақырыбы да, таралымы да жылдан-жылға артты. Қазіргі кезде аудандық басылымның саны бес мыңнан асып жығылады. Бұған өз мамандығына ынта-құлшынысы мен ерік-жігерін арнап, үлкен жауапкершіліктің жүгін арқалап, газеттің қызметін абыроймен атқарып жүрген талғамы күшті, шебер журналист әрі газеттің бас редакторы Нұрболат Пірімбеттің тынымсыз еңбегінің үлесі зор.

Редакцияның жүрегі болып табылатын шығармашылық ұжым жүз процент жасарған. Ұжым мүшелері әркез ауызбірлікте, ұйымшылдықта болып, газеттің беделін биіктетуге бар күш-жігерлерін жұмсайды. Оның ішінде шығармашылық ұжымның шабытын шыңдап, бағыт-бағдар беретін редактордың орынбасары Елдос Жүсіп, газеттің әр бетін түрлі дизайндармен әрлеп, сапалы шығуын қамтамасыз ететін дизайнер Ерұлан Даткенов, қос бөлімді басшылығына алған Гүлхан Яхияева мен Гүлнәр Дүйсебаева, ізденімпаз тілші Сұлушаш Мадиярова, жарияланған мақалаларда бірде-бір қате болмауын, тыныс белгілерінің дұрыс қойылуын қадағалап отыратын корректор Ақбота Баянбай, газетті фотолармен көркемдеп отыратын фототілші Бақытжан Бәйімбеттің де еңбегін жоғары бағалау қажет. Сондай-ақ ұжымда бас маман, 30 жылдай тәжірибесі бар Күләш Мырзаева, менеджер Дастан Құдабаев, баспасөз маманы Абылайхан Сақтағановтың да газеттің өсіп-өркендеуіне қосар өзіндік үлестері бар. Ұжымның әр ісіне ұйымшылдықпен ат салысатын техқызметкерлер Сәуле Алдажұманова мен Дастан Балтабаевтың да тәжірибесі мол жандар.
Аудандық газет жайлы айтқанда, оның серіктес, еншілес мекемесі – баспахана туралы еске алған ләзім. Оның өзі де бір дәстүр – тағылымы мол, редакциямен егіз ұжым. Бейнеті көп алайда абыройлы, осы салада баспахана ісін алғашқы ұйымдастырушы Болдыбек Төлешов болса, оны өркендетіп, ісін алға апарған Т.Жолтаев, Төлеш Ахметов, Тұрсынбай Ахметов, Нағима Бәйменова, Өміртай Қалиевтің еңбектерін атауға болады.
Әрине, газет оқырманымен ғұмырлы. Оқырманы жоқ басылым – қанатсыз құспен тең. Осы орайда «Өскен өңір» газетінің жылдан-жылға жолынан жаңылмай, үрдісін жалғастырып келе жатқанына оқырмандардың да өзіндік септігі бар. Басылым бетіне жарияланған мақалаларға сын-пікір айтып, журналистің ойына ой қосып отыратын оқырман журналистің шабытын шалқытып, газет жұмысының жандануына атсалысады. Жасыратыны жоқ, газетке жазылып, тұрақты оқырманы болу да сол басылымды өміршең етеді. Олай болса құрметті оқырман, ауданның төл басылымы төріңізден түспей, өңір жаңалықтарынан әрдайым хабардар болып отырыңыз демекпіз.
М.БОЛАТҚЫЗЫ