Біз неге газеттің күні өтті деп дүрлігіп жүрміз?
Биыл Шиелі ауданының құрылғанына 90 жыл.
Осы мерейтой қарсаңында газетіміздің әр саны-
на «Өткен күндер сөйлейді» айдарымен 1963 жыл-
дан бері жарық көрген «Өскен өңір» газетіндегі
тарихи сәттерді қайта жаңғыртып, көзі қарақты
оқырмандарға ұсынып келеміз. Шаң басқан
архи вті ақтарып, тарих тан сыр шертер мәлімет
іздеп отырғанымызда бір ақпаратты көзіміз шал-
ды.1967 жылдың 4 мамыр күнгі №54 санында «Өткен жылы редакцияға барлығы
1459 хат түсті. Оның 1322-сі жарияланды. Сол күндері «Өскен өңірге» 62 тілші,
22 автор тұрақты жазып, газет жұмысына атсалысып тұрды» – деген мағлұматқа
назарымыз ауды. Ал, енді сараптап көрелік. Жылына 365 күн бар. Оның демалыс
және мереке күндерін алып тастар болсақ, шамамен 300 күнде 1459 хат түскен.
Ойлана беріңіз, күніне 5-6 хат келіп тұрады. Одан бөлек, 62 тілші мен 22 ав-
тор тұрақты түрде мақала жазып, жолдап отырған. Яғни, газеттің жылдам, сол
жылдардағы ақпараттарды толық қамтуға мүмкіндігі зор болған. Сонымен қатар,
халықтың газетке деген құрметі, белсенділігі, қоршаған ортамызда орын алып
жатқан әрбір оқиғаға бей-жәй қарамайтынын да аңғаруға болады.
Газет, тек 3-4 тілшінің ойындағы дүниені жарияламайды. Ол – халықтың
көзі, құлағы һәм тілі деп, А.Байтұрсынов айтқандай, жұртқа хабар тарататын
жаңалықтың жаршысы. Бұқара мен үкіметті байланыстыратын алтын көпір.
Онда қарттардың өнегесі, жастардың жалыны, әдет-ғұрып пен қатар, саясат,
денсаулық, спорт сынды сан саланың қыр-сыры баяндалады. Мұрағатта сақталған
«Өскен өңір» газетінің әрбір саны бабадан қалған мұрадай. Әр парағын ақтарған
сайын, өткен күндер сыр шертіп қоя береді. Көне көз қариялардың осы өңірде
өмір сүрген батыр баба, даңқты әулие, небір шешендері жайлы жазған рухты
жазбалары, абыз аналардың еңбекқорлығы, тәлім-тәрбиесі көрсетілген газеттің
өміршең болатыны белгілі.
Ал, бүгінгі таңда 5 тілші, 4 автор газеттің жарық көруіне атсалысып, үздіксіз
жұмыс жасап келеді. Алайда, хат жолдап, қызығушылық танытатын халықтың
қарасы азайғанын қалай жасырайық? Шиелі ауданына қарасты 22 ауылдық округ
барын ескеретін болсақ, ол жерлерде ардагерлер кеңесінің төрағасы мен әйелдер
кеңесінің төрайымы жұмыс жасайды. Ендеше, ардагерлер, көзі ашық, көкірегі ояу
әрбір адам алған ғибраты мен тірі тарих еңбек адамдарының көзін көріп, еңсерген
еңбек белесін кейінгі ұрпаққа аңыз ретінде неге насихаттамасқа? Редакцияға хат
жолдап, ақ қағазға түсірген дүниесін жеткізсе кем-кетігін түгендеп жариялауға
біз де атсалысар едік. Қазыналы қарттар мен абыз аналар бейнетінің зейнетіне
жеткен шақта артындағы өскелең ұрпаққа ақылын айтып, жастарға жөн сілтеп,
еңбекке баулуға шақырса нұр үстіне нұр емес пе?
Әлемге көз жүгіртер болсақ өмірінің көп уақытын кітап, газет журнал оқуға
арнайтын елдердің көшін Үндістан бастап тұр. Олар аптасына 10 сағатын
газет-журнал оқуға арнайтын көрінеді. Сонымен қатар, оқуға көбірек көңіл
бөлетін мемлекеттер қатарына Чехия (7 сағат), Ресей (7,1 сағат), Швеция (6,9
сағат), Франция (6,9 сағат), Сауд Арабиясы (6,8 сағат), Венгрия (6,8 сағат)
және Гонконг (6,7 сағат) еніп отыр. Аталған мемлекеттердің қай-қайсысы да
оқуды тұлға мәдениетінің негізгі көрсеткіштерінің бірі деп біледі. Ақпараттық
технологиялардың қарыштап дамуы бұл мемлекеттерде мерзімді басылым-
дар мен әдеби кітаптарды оқырмансыз қалдырған жоқ. Жұмыс күнін газет-
журналдардың жаңа нөмірімен бастайтын, қоғамдық көліктегі, мейрамханадағы
бос уақытында бірден басылымдарға шұқшиятын, кітабын заманауи гаджеттер-
ге айырбастағысы келмейтін қауымды олар біздегідей ескіліктің табынушысы-
на баламайды. Керісінше, жоғары мәдениеттің өкілі деп құрмет тұтады екен.
Иә, газет әр күндегі құбылысты қағаз бетіне қаттап, тарих еншісіне сақтап
қоятын құнды дүние. Сондықтан, газеттің дәурені өтті деп әсте айта алмай-
мыз. Өйткені, газетті қолына ұстап, иісін құшарлана иіскеп, іздеп жүріп оқитын
оқырмандары бар. Жуырда, белгілі журналист Қуат Әуесбайдың «Фейсбуктегі»
мына бір жазбасына көзіміз түсті: «Қай елге барсам да ең әуелі сол жердің
баспасөзін іздейтін әдетім бар. Осы көктемде Еуропадағы 7 елде болып, бір
құшақ газет арқалап қайтқам. Басқалар сувенир, киім-кешек, техника т.б алып
жатса, мен ақшамды газетке жұмсаймын. Байқағаным, мұнда «газет оқылмайды,
газет өледі» деп жатқан ешкім жоқ. Метрода, аялдамада, парктерде, кафелерде
газет-журнал, кітап оқып тұрған жандарды көресің. Біз неге «газеттің күні өтті»
деп дүрлігіп жүрміз сонда?».
Сәт сайын қарыштап, дамып жатқан қоғамда бәріне уақыт төреші. Болжам
жасаудың қайырлы іс емес екеніне күн өткен сайын көзіміз жете түсті. Кезінде
кино пайда болғанда дуалы ауыздар театр өледі деп даурыққан еді. Газет
шыққанда кітап келмеске кетеді деген болжам айтылды. Ал, интернет ақпарат
нарығын жаулай бастағанда баспасөз құрдымға кетеді деп шуласты жұрт. Бәрі де
жел сөз екенін уақыт дәлелдеді. Театр көрерменін, кітап тұрақты оқырмандарын
жоғалтқан жоқ. Ал, телевизия мен баспасөз жаңа ғасырға бейімделу сатылары-
нан өтіп жатыр. Сондықтан, қалың бұқара газетпен бірге жасасып, бірге тыныстаса,
ой салып, қоғамға түрткі болса, жадымыз бен жанымыз рухани азық алып,
жаңғыра түсері хақ.
Гүлнәр ДҮЙСЕБАЙ .