Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » тарих боп қатталады әр нөмірің

тарих боп қатталады әр нөмірің


шиелі ауданымен бірге жасап, өңірдің барлық тыныс-тіршілігін, тұлғалары мен мен тарихын қағаз бетінде қаттап, елдің әлеуметтік-экономикалысының тұрақтылығын сақтауға ықпал етіп отыратын «Өскен өңір» газеті бүгін, яғни, 19 наурыз күнібір жасы кем сексенге толып отыр. Қазір не көп газет пен журнал көп. Оған соңғы уақытта ғаламторды торлап алған сайттарды қосыңыз. Әйтеуір, екінің бірі БАҚ-тан бақтарын іздеп, газет шығарып, сайт ашып, журнал жазуға машықтанып алды. Бірақ, сол басылымдардың көпшілігінің ғұмыры тым қысқа болып жатыр. Бүгін жарқ етіп, жарыққа шыққан талай газеттің жылға жетпей жабылғанын да көріп жүрміз. Тіпті, таралымы анағұрлым жоғары, қоғамда өзінің айтары бар белді басылымдарды нарық екі бүйірнен қысқан уақытта, тасалайтын қуыс таппай әуелі қызметкерлері қысқарып, көп ұзамай өздерінің де дәм-тұзы таусылғанын білеміз. Ал, «Өскен өңір» газеті оқырманына ғасырға жуық қызымет етіп, тар заманның талайын басынан өткізсе де жолынан жаңылмады. Сол жаңылмағандықтың белгісі болар, жұртпен бірге 79-шы көктемін қарсы алып жатыр. 
P. S. Шиелі жұртымен жасасып, 79 жылына аттаған аудандық «Өскен өңір»  сонау «Стахановшыдан» бері қаламды қару еткен талай тарланды тұғырына қондырды. «Комунизм жолы» «Өскен өңірмен» өріліп, аға буын салған сүрлеумен жаңылмай жүріп келе жатқан бүгінгі буын — мына біздер де ауданның төл басылымының өсуі мен өркендеуіне тамшыдай үлесімізді қосып жатқанымызды бағымыз деп білеміз. Ғасырға жуық уақыт оқырманымен қауышып, «халықтың көзі, құлағы, һәм тілі» болып келе жатқан аудандық газет.Туған күнің құтты болсын, қарт қағаз. Сенің қызықшылығыңды өзің күнделікті бетіңе шимайлап жататын бөлімдер мен мекемелер, ауыл әкімдері ұмытқанымен, шаңырағыңдағы шәкірттерің мен халқың ұмытпайды.
19 наурыз 2018 ж. 1 416 0