Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жазғанымыз жауапсыз қалмаса екен...

Жазғанымыз жауапсыз қалмаса екен...

Газетіміздің әр санын асыға күтіп оқитын оқырман жақсы білетін болар, соңғы уақытта аудан айнасы «Өскен өңір» газеті өңірдегі өзекті мәселелерді дер уақытында көтеріп, оған қатысты сала басшыларына тиімді ұсыныстарын нөмір сайын жариялап келеді. Бұндағы мақсат – жеке бастың мүддесі емес, яки бұқара мен биліктің арасындағы алтын көпірді жалғап, қос тарапқа да тиімді нұсқаны көрсету болып отыр. Осылайша, ортақ мәселені жасырып, бүгіп қалмай, ортаға салып, оның дау-дамайсыз шешілу жолдарын қарастырып келеді. Бірақ, біз сын мақаланы өзінің жеке басы мен қызметтік орын тағына жасалған қастандық деп қабылдайтын шағын шенеуніктердің шала ойларын түсіне алмай келеміз. Жалпы, халықпен жұмыс жасап отырған мекеме, бөлім басшылары, ауыл әкімдері өздеріне қатысты газетте жарияланған мақалаларға хатпен жауап жазуға әдеттенсе екен. Өйткені, сауатты, қағазбен жұмыс жасай алатын қызметкер тірлігін көшеде емес, кеңсесінде отырып-ақ, шешеді.
Мәселен, аудан әкімінің орынбасары А.Есмаханов газетке жарияланған мақалалардың бірін қалдырмай оқып, өз саласына қатысты көтерілген мәселеге аса жауаптылықпен мән беріп, жазбаға хатпен жауап беріп отырады. Міне, осындай үрдіс өзге де басшылар тарапынан орын алып, халықтың көзі, құлағы һәм тілі болған басылымдағы көрсетілген сын мен ұсынысқа хат арқылы жауап беру қалыптасса дегіміз келеді.


Аудандық «Өскен өңір»
газеті редакциясының
бас редакторы
Н.Пірімбетке

Сіздің аудандық «Өскен өңір» газетінің 2017 жылғы 12 жел­тоқ­сандағы №96 (8549) санына жарияланған «Мемлекеттік қызметкерге де құрмет қажет» атты мақалаңызға байланысты төмендегіше баяндаймын.
Елбасының бастамасымен жасалып жатқан реформалардың негізгісі «Ұлт жоспары 100 нақты қадамның» алғашқы 15-і мемлекеттік аппаратты кәсібилендіруден басталуының өзі қазіргі таңда мемлекеттік қызметке аса көңіл бөлініп отырғанның айғағы.
Аудан бойынша мемлекеттік қызметшілер әлеуметтік жағынан қорғалып, мемлекеттік қызметтің оң бейнесін қалыптастыру бағытында түрлі шаралар атқарылып келеді. Сондай-ақ, мемлекеттік органның оң имиджін және ұжымда жағымды ахуал қалыптастыруға елеулі үлес қосқан, моральдық-әдептілік нормаларына сәйкес өзара қатынастар мәдениетін қалыптастырған қызметшілер де көтермеленіп келеді.
Аудан көлемінде өтетін түрлі мәдени іс-шараларда, мемлекеттік және кәсіби мерекелерде мемлекеттік қызметте ұзақ жылдар бойы қызмет етіп, зейнет жасына жеткен және зейнетке шыққан ардагерлер де облыс, аудан әкімінің «Құрмет грамотасы», «Алғыс хатымен» марапатталуда.
Алдағы уақытта да, айтулы даталы мерейтойларда мемлекеттік қызметте ұзақ жылдар бойы қызмет етіп, 1-2 жыл көлемінде зейнетке шығатын мемлекеттік қызметшілерді облыс, аудан әкімінің «Құрмет грамотасы», «Алғыс хатымен», мерейтойлық төсбелгілермен марапаттау үрдісі жалғасын табатын болады.

А.Есмаханов,
аудан әкімінің орынбасары.
03 ақпан 2018 ж. 1 062 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031