Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі

БАЙҚАУ!

Шиелі ауданының айнасына айналған «Өскен өңір» газеті ойлы оқырманына 85 жылдыққа орай шығармашылық байқау ұйымдастырады.



Байқаудың мақсаты: Ауданның сексен бес жылдық шежіресіне айналған төл басылым бүгінге дейін редакция мен оқырман арасындағы байланысты үзбей келеді. Газеттің биылғы мерейлі межесіне орай осы үрдісті одан әрі жандандыруды мақсат еткен басылым шығармашылық байқау ұйымдастырып отыр. Газет қашанда оқырманымен өміршең. Осы алтын көпірді әрқашан жалғап тұратын шығармашылық екенін негізгі назарға ұстаймыз.

Байқау шарттары: Байқауды әртүрлі жастағы әрі түрлі саладағы оқырманға ыңғайлы ету мақсатында «Қолтаңбасы қалған қаламгер» және «Менің «Өскен өңірім» атты тақырыпта естелік, эссе жазу керек. Яғни біздің кез келген оқырман бұл байқауға қатыса алады. Қатысушы тақырыпты өзі таңдайды. Редакцияға келіп түскен әрбір хат (әңгіме) арнайы комиссияның сараптауынан өтеді. Сондайақ келіп түскен әңгімелердің газет бетіне жарамдысы жыл көлемінде басылымға жарияланып отырады. Одан бөлек инстаграм мен фейсбук әлеуметтік желілеріне жарияланып, лүпіл мен көп комментарий жинаған қатысушы жеңімпаздар қатарында болмақ.


Байқау жеңімпаздарын шығармашылық өкілдерінен құрылған арнайы комиссия анықтайтын болады. Жеңімпаздар «Өскен өңір» газетінің 85 жылдық құрметіне орай қазан айында өтетін салтанатты шарада арнайы бағалы сыйлықтармен марапатталады. Ескертпе: Қатысушы байқауға ұсынған әңгімесінің жоғарғы жағына «Өскен өңір» газетінің 85 жылдығы үшін» деген арнайы айдарды белгілеп жіберуі тиіс. Сондай-ақ oskenonir_news инстаграм парақшасы мен фейсбукке тіркелуі міндетті.

Жеңімпаздарды анықтауда байқауға ұсынылатын шығарманың тақырыбы, көркемдік ерекшелігі, жазу стилі мен шығарма мазмұнының әлеуметтік-қоғамдық маңызы ерекше назарға алынатынын ескертеміз. Сонымен бірге әңгіме авторы өзі туралы мәліметті толық көрсетуі керек (аты-жөні, қызметі, тұрғылықты мекен жайы, байланыс телефоны). (Шығарма 14 шрифт, Times New Roman нұсқасында қабылданады.) Хаттарды osken_onir@mail.ru электронды поштасына жіберуге немесе редакция мекен-жайына (Т.Рысқұлов көшесі №40 үй) әкеліп тапсыруға болады. Немесе +7 Немесе +7-775-716-19-06, +7-775-137-3387 байланыс нөмірлеріне уатсап желісі арқылы жіберуге де мүмкіндік бар.

«Өскен өңір» ұжымы
23 қаңтар 2024 ж. 133 0