Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қос басылым оқырмандарымен кездесті

Қос басылым оқырмандарымен кездесті

Өздеріңізге белгілі, Қызылорда облысының айнасына, мақтанышына айналған «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттерінің оқырман жүрегінен жол тауып жүргеніне биыл – 90 жыл. Осыған орай тынымсыз еңбегімен газеттің абыройын асқақтатып жүрген басылым редакторлары Қуат ­Шарабидинов пен Қазбек Ботаев бастаған ұжым аудандарды аралап, оқырмандармен кездесу ұйымдастыруда.
«Газеттің өзі бір күндік, сөзі мың күндік» деген нақыл бар халық арасында. Дәуір үнін, қоғамның келбетін жұп-жұмыр, теп-тегіс етіп, оқырманға ойлы дүние ұсынып жүрген «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттері – халықтың үдесінен шығып жүрген басылымдар. Көзі ашық, көкірегі ояу оқырманның қалауын білмек мақсатта жиырма бесінші қазан күні облыстық газеттердің шығармашылық ұжымы Шиеліге табан тіреді. Қонақтар алдымен аудан әкімі Әшім Оразбекұлының қабылдауында болып, ауданның тыныс-тіршілігі туралы әңгіме өрбітті. Шежіреге толы басылымдардың ауданға сапары одан әрі кенттегі №252 Н.Ковтунов атындағы орта мектепте және аудандық орталықтандырылған кітапханада жалғасты. Жиында ұлағатты ұстаздармен кездесіп, көптеген ұсыныс-пікірлер талқыланды. Шара соңы естелік суретке түсумен аяқталды.

Ф.НЫШАНБЕКҚЫЗЫ
29 қазан 2019 ж. 1 036 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031