Байқау мәресіне жетті
Балаларды қорғау күні мерекесіне орай аудандық «Өскен өңір» редакциясы ұйымдастырған «Сүйкімді балақай» фотобайқауының қорытынды марапаттау кеші болып өтті.
«Балалар жылы» аясында ағымдағы жылдың 8 ақпан-25 мамыр аралығында өткен «Сүйкімді балақай» байқауына 5 жасқа дейінгі аудан тұрғындарының 150-ге жуық суреті келіп түскен. Сараптала келе оның 78-і газет бетінде жарық көрді. Байқау шартында ең алдымен сурет сапалы және қызықты болуы міндет делінген. Сонымен қатар, байқау қорытындысын шығаруға «Өскен өңір» сайтындағы қаралым саны да қосымша ескерілді. Жеңімпаздар редакция мүшелерінен және тәуелсіз сарапшылардан құралған қазылар алқасының шешімімен анықталды.

Әлемдегі баланың барлығы сүйкімді, барлығы қылықты. Десе де, байқау болған соң жеңімпаздардың болуы заңдылық. Марапаттау кешіне сайыстың барлық ережелеріне сай келген балақайлар ата-аналарымен қатысты. Мерекелік шараның шымылдығын «Өскен өңір» газетінің бас редакторы Нұрболат Пірімбет пен республикалық «Ел құрметі» қоғамдық қорының жетекшісі Маржан Сәдуақасова ашып, балаларды мерекемен құттықтап, лебіздерін білдірді. Сонан соң «Сәтті сурет», «Тәтті бала», «Қылықты қыз», «Батыр бала», «Батыл қыз», «Сүйкімді балақай» номинациялары бойынша 16 бүлдіршін марапатталып, сыйлықтар табысталды. Бүлдіршіндер ән айтып, би билесе, ата-аналар байқауды ұйымдастырған редакция ұжымына алғысын білдірді. Шара соңында газет тілшісі Ш.Тілеубай балақайларға арнау өлеңін оқып, қатысушыларға балмұздақ таратылды.
"Өскен өңір" ақпарат