Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » РЕДАКЦИЯ БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАЙДЫ

РЕДАКЦИЯ БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАЙДЫ

«СҮЙКІМДІ БАЛАҚАЙ» байқауының ережесі

Аудандық «Өскен өңір» газеті «Балалар жылына» орай «Сүйкімді балақай» фотобәйгесін жариялайды. Байқау ережесі:
– Ата-ана 0-5 жас аралығындағы баласының сәтті шыққан тек бір ғана (бірнеше сурет жіберген кісілерден қабылданбайды) суретін жолдайды;
– Сурет сапалы болуы міндетті (сапасыз суреттер жарияланбайды);
– Суретпен бірге баланың аты-жөнін, жасын, мекен жайын көрсету;
– Байқауға материал 8 ақпан мен 25 мамыр аралығында қабылданады;
– Сурет osken_onir@mail.ru электронды поштасына немесе 87755188995 ватсап нөміріне «байқауға» деп жіберілуі керек.
– Ең бастысы балапандарыңыздың суреті газетпен қоса «https://osken-onir.kz/» сайтына да жарияланады. Сайтта жарияланған суреттің сілтемесін әлеуметтік желілер арқылы таратуды ұсынамыз. Сайттағы қаралым саны байқау қорытындысына әсер ететінін естеріңізге саламыз. (Сайтқа google қосымшасынан «өскен өңір» деп іздеу арқылы кіре аласыздар).
Байқау қорытындысы 1-маусым – Балалар күні қарсаңында жарияланады. Жеңімпаздарды редакция ұжымы ақылдаса отырып анықтайды. Редакция алқасының шешімі талқыланбайды. Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ орындар бойынша алғыс хатпен және сыйлықпен марапатталады.
15 ақпан 2022 ж. 640 0