Бұқаралық ақпарат құралдары мен интернет ресурстарда жарық көретін құқық бұзушылық, қылмыстылық, сыбайлас жемқорлық көріністерін алдын алуға бағытталған жарияланымдар БАЙҚАУЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ
Байқау 2018 жылдың 19 қазаны мен 15 қарашасы аралығында ұйымдастырылады. Байқауға қатысушылар авторлық құқықты сақтау қажет. Байқаудың мақсаты:
– Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға және құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға бағытталған материалдарды және теле-радио сюжеттер мен хабарламаларын жариялау.
Байқау номинациялары:
Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға, құқық бұзушылыққа «Мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға байланысты байқау келесі номинациялар бойынша жүргізіледі:
– Үздік сюжет;
– Үздік радио хабарламасы;
– Интернет желісіндегі ең үздік материал;
– Мерзімдік басылымдардағы ең үздік мақала.
Байқау шарттары:
Қызылорда облысында тіркелген БАҚ-та қызмет жасайтын журналист қатыса алады. БАҚ басшылығының рұқсаты талап етілмейді. Байқауға ұсынылатын материалдар мемлекеттік және орыс тілдерінде қабылданады.
Байқауға 2018 жылғы 19 қазаннан бастап 15 қарашасы аралығында жарияланған материалдар қабылданады.
Байқауға ұсынылатын жұмысқа қойылатын басты талап – сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу, онымен күресу, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылыққа «Мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруды қарапайым әрі ұғынықты тілмен түсіндіру, мемлекеттік саясаттың заңнамалық талаптарын ұғындыру.
Байқауға қатысушылар өз материалдарын 2018 жылдың 16 қарашасы сағат 18.00-ге дейін Қызылорда қаласы, «Арай-3» мөлтек ауданы, 80 «б» үй, 32 кеңсеге немесе zhandos2@mail.ru электронды поштасына жолдау арқылы жібере алады.
Байқауға қатысушылар мынадай құжаттарды қоса жіберуі тиіс:
1) автор туралы мағлұмат (түйіндеме)
– БАҚ жұмыс жасайтындығы туралы анықтамасы.
2) байқау материалы жарияланған газет-журналдың түпнұсқасы, сайттағы материал скриншотпен және қағаздық нұсқасы, теле-радио сюжеттері мен хабарламалары DVD, CD форматындағы дискілерге жазылған нұсқасы (қағазға түсірілген нұсқасымен бірге).
Байқау кезеңдері:
Байқауға қатысушылардан материалдарды қабылдау (16қарашаға дейін);
Материалдарды сараптау және жеңімпаздарды анықтау (19-20 қараша аралығы);
Байқау жеңімпаздарын марапаттау шарасы (22 қараша).
Байқау жеңімпаздарын марапаттау:
Байқауды ұйымдастыру комитеті жүргізіп, жеңімпаздарды 3 немесе 5 адамнан тұратын қазылар алқасы таңдайды. Байқауға ұсынылған материалдар қайтарылмайды. Байқау жеңімпаздары арнайы номинациялар бойынша тағайындалған жүлделі сыйлықтар мен арнайы дипломдармен марапатталады.