Сыбайлас жемқорлық санамызға сіңіп кетпесін
Қайсыбір мемлекет келешегінің салауатты, табысты болуын, халқының әлеуметтік мәселелерінің шешілуін қамтамасыз етуге тырысады. Дегенмен, қоғамның қасіретіне айналған дерті – сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық. Бұл дертпен күресу – әрбіріміз үшін басты парыз.
Елбасы Н. Назарбаев: «Демократиялық қоғам жағдайында қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ерекше мәнге ие болады,» – деген болатын.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу – елдің бүгінгі күнгі мемлекеттік саясатының басты басымдықтарының бірі.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң қабылданғаннан бері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер дәйектілікпен жүзеге асырылуда. Осы бағыттағы шаралар мен көкейтесті мәселелерді шешуде заңдылықты жетілдіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Жалпы алғанда, қабылданған кешенді шаралар нәтижесінде сыбайлас жемқорлық көріністерінің азаюы байқалады.
Сыбайлас жемқорлықтың жиі бой көрсететін, ең қауіпті түрі – парақорлық. Бірінші кезекте, пара берудің себептерін, пара алудың жағдайларын түп-тамырын жою үшін қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.
Яғни, пара беру де, пара алу да пайдалы болмайтындай, үлкен қылмыс ретінде саналатындай жағдай, қоғамдық сана қалыптастыруға тиіспіз.
«Жемқорлыққа қарсы күрес жан-жақты, үздіксіз, ашық әрі әділетті түрде жүргізілуі тиіс. Біз сонда ғана алға қойған биік мақсаттарға қол жеткізе аламыз», – деп Елбасы келешектің жемқорлықсыз, адал болуын мақсат етті.
Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Қазіргі уақытта әлемде сыбайлас жемқорлықпен күресуді күшейту жұмысы үздіксіз жүргізілуде және әрдайым жетілдірілу үстінде. Әлемде сыбайлас жемқорлықпен күресу механизмінің барлық елдерге тиімді болатын бірегей үлгісі жоқ. Әрбір мемлекет қолданатын сыбайлас жемқорлықпен күресу әдістерінің жиынтығы өзгеше, ол елдің саяси және экономикалық тұрақтылығына ғана емес, сонымен қатар, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлеріне, діни ерекшелігі мен құқықтық мәдениет деңгейіне және аумағы бойынша алатын жеріне, халқының саны мен орналасу тығыздығына да байланысты болып келеді.
Қазақстанда экономиканы жандандыру және ауқымды әлеуметтіктүрлендіру жағдайында мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған заманауи әлеуметтік-экономикалық саясатымен тығыз байланысқан бүтіндей стратегияның қажеттілігіне анық көз жеткізілді.
Елбасының Қазақстан халқына Жолдауларында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған және әкімшілік реформалар – мемлекеттік басқару жүйесін жеңілдетуден туындайтын міндеттерге басты назар аударылған. Осы бағдарламалық мақсаттарды орындау мақсатында мемлекеттік органдардың бақылау қызметтері қысқарып келеді, олардың жұмыстары бақылауға алынып, айқындығы қамтамасыз етілген, мемлекеттің экономика мен бизнеске араласуы кеміп келеді.
«Электронды үкімет» порталы мемлекеттік қызмет көрсету саласында жетекші роль атқарады. Жастардың арасында ерікті «Адал ұрпақ» қозғалысы бастау алып, жұмыс жасап келеді.
«Адал жол» марафоны ауданымызда бірнеше рет өткізіліп, «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» атты сайыстар, жиындар ұйымдастырылып келеді. Бұқаралық ақпарат құралдарда қоғам дертінің алдын алу бағытында танымдық, сараптамалық, ақпараттық материалдар жарық көріп келеді.
Сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру – әрбір азаматтың борышы.
Ә.Оразбекұлы,
аудан әкімі.