Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАНДЫ

ЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАНДЫ

«Жасыл» экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясы бұқаралық ақпарат құралдары арасында «Жасыл баспасөз» республикалық байқауын жариялады.    Конкурсқа журналист қауымның «жасыл технологиялар» тақырыбындағы жұмыстары қабылданады.    
Коалиция баспасөз хатшысы Меруерт Әбдәлиеваның мәліметінше, байқау 4 номинация бойынша өтеді: «Үздік теле-радиосюжет»; «Үздік ТВ және радиобағдарлама»; «Газетте жарияланған үздік мақала»; «Интернет ресурстарда жарияланған үздік материал».    «Конкурсқа 2017 жылғы сәуір - 2018 жылғы маусым аралығында жарияланған жұмыстар қабылданады. Байқауға қазақ және орыстілді журналистер қатыса алады. Материалдарды «Жасыл» экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясының» баспасөз қызметіне жіберуге болады. Жүлде қоры әлі анықталу үстінде, жүлде бекітілгеннен кейін қосымша хабарлаймыз», - деді М.Әбдәлиева БАҚ өкілдеріне арналған «Жасыл дәмхана» шарасында.    «Жасыл» экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясы» ЗТБ басқарма төрайымы Салтанат Рақымбекова биылғы конкурстың қорытындысы Астана күніне қарай шығарылатынын айтты.    «Биыл біз Астананың 20 жылдығына орай «жасыл» онкүндік өткіземіз. 28 маусым - 6 шілде аралығындағы онкүндік аясында 20-дан астам шара ұйымдастырамыз. Осы күндері «Жасыл» экономика көшбасшыларының ІІ форумы өтеді. Аталған форумда «Жасыл баспасөз» байқауының қорытындысын шығарып, жеңімпаздарды марапаттаймыз», - деді Салтанат Рақымбекова.
20 ақпан 2018 ж. 1 842 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№54 (9421)

21 шілде 2026 ж.

№53 (9420).

18 шілде 2026 ж.

№52 (9419)

14 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031