Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЕЛІМІЗДІҢ ЕҢ ҮЗДІК ОҚЫТУШЫЛАРЫ МАРАПАТТАЛАДЫ

ЕЛІМІЗДІҢ ЕҢ ҮЗДІК ОҚЫТУШЫЛАРЫ МАРАПАТТАЛАДЫ


 
Бүгін сағат 17.00-де  2017 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегерлерін марапаттау рәсімі өтеді.
Еліміздің 53 жоғары оқу орнынан 200 адам «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегері болды.Конкурсқа республикамыздың 79 жоғары оқу орнынан 459 үміткер қатысты. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағы бір адамға келесі он жыл ішінде бір реттен артық берілмейтіндігін ескере отырып, Конкурсқа 2007-2016 жылдардағы атақ иегерлері қатыспады.
«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағы  иегерлерінің сапалы құрамына 49 – ғылым докторы, 121 – ғылым кандидаты, 24 – PhD докторы, 6 – магистрант ұсынылды.
Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі атап көрсеткендей, оқытушылардың ғылыми-педагогикалық қызметі сапалық және сандық көрсеткіштері бойынша бағаланды. Оның ішінде, оқулықтарды, монографияларды, оқу құралдарын ағылшын тілінде әзірлеу, қатысу және басып шығару; кәсіби қызметі бойынша шет тіліндегі жаппай ашық онлайн курстардың платформасы базасында курстан табысты өткені туралы сертификаттың бар болуы және т.б.
Бұл грант жоғары оқу орындарының оқытушыларына әлемнің жетекші университеттерінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және біліктілікті арттыру мақсатында тағылымдамадан өтуге мүмкіндік береді.
Еркін ҚАЛДАН
09 ақпан 2018 ж. 1 181 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9234)

03 қыркүйек 2024 ж.

№69 (9233)

30 тамыз 2024 ж.

№68 (9232)

27 тамыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30