Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бас жүлде алған бас редактор

Бас жүлде алған бас редактор


ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы КЕАҚ гранттық жобасы негізінде Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қоры республикалық және өңірлік деңгейдегі бұқаралық ақпарат құралдарында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі қағидаттарын, оның жаңа мазмұнын және бес әлеуметтік бастамаларды ілгерілету тақырыбында байқау жариялаған болатын. Шығармашылық байқауға бәйгесін қосып, «Баспасөз басылымындағы үздік мақала» аталымы бойынша әріптесіміз Нұрболат Пірімбет жүлделі бірінші орыннан көрінді. Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасында көрсетілген бағыттарды тереңінен түсіндіріп, тың идеясымен танылған Н.Пірімбеттің мақаласы 28 қараша күні Алматы қаласында өткен қорытынды шарада 50-ге тарта шығарманың ішінен үздік танылып отыр. Аудандық «Өскен өңір» газетінің бас редакторы Н.Сәдуақасұлын марапатымен құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз!

«Өскен өңір» ақпарат
05 желтоқсан 2019 ж. 1 409 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (9193)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (9192)

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930