Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ASAR IIІ Республикалық форумы Павлодар қаласында өтеді

ASAR IIІ Республикалық форумы Павлодар қаласында өтеді


Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылғы 21-22 тамызда ҮЕҰ-бизнес-мемлекет серіктестігінің ASAR IIІ республикалық форумы өтеді.

Форум жергілікті қоғамдастықтың әлеуметтік мәселелерді шешуде бизнес, үкіметтік емес сектор және мемлекеттік органдардың күш-жігерін белсенді етуге бағытталған.
Форум «әр жылы – жаңа өңір» қағидасы бойынша өтуде, бұл ел деңгейінде, сондай-ақ, өңірлік контекстті толығымен зерделеу мақсатында үш жақты ынтымақтастық қарқынын көрсетуге мүмкіндік береді. Алғашқы ASAR форумы 2017 жылы Атырауда, екінші форум 2018 жылы Талдықорғанда өткізілген, биылғы форум Павлодар қаласында өтеді.
Форум жұмысына бизнес-құрылым, отандық және халықаралық ҮЕҰ, сарапшылар қауымдастығының, орталық және мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуы күтілуде.
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде форум жұмысы 4 бағытта: SOCIAL – ASAR «Бизнестің әлеуметтік саланы дамытуға қатысуының тиімді модельдері», ЕCO – ASAR «Жасыл» серіктестің форматындағы әлем», IT – ASAR «Әлеуметтік саланың инновациялық дамуындағы IT жобалардың рөлі» және INCLUSIVE – ASAR «Инклюзивтік қоғам уақыты» өткізіледі деп хабарлайды.
Екі күндік форум шеңберінде «Әлеуметтік инновациялар: өңірлік даму жетістігінің формуласы» тақырыбында пленарлық отырыс өткізіледі.
Оның аясында үш жақты әріптестікті және оның тетіктерін дамыту, әлеуметтік инвестициялар бағыттарының парадигмасындағы бизнестің қызметі, «кіші» отанды дамытуға әлеуметтік инвестициялар және т.б. мәселелерді талқылау жоспарлануда.
Сонымен қатар, мастер-класстар, case-study семинарларын, workshop-тар (практикумдер), «#7 Спикер» интеллектуалы конференциясын ұйымдастыру және меморандумға қол қою жоспарланған.
Сонымен бірге, алғаш рет ASAR activity жобасын ұйымдастыру жоспарлануда, оның шеңберінде форум қатысушылары «Бірге – таза Қазақстан» республикалық акциясына қосылатын болады.
Сондай-ақ, cisc.kz/ru/site/asar платформасында ҮЕҰ әлеуметтік жобаларының конкурсы өткізілді. 144 өтінімнің ішінен ҮЕҰ-ның 
100 жобасы үздік деп танылды. Форум барысында аталған жобалардың таныстырылымын өткізу жоспарлануда.
Әрбір тілек білдіруші форум жұмысына сілтеме арқылы онлайн-тіркеуден өтіп қатыса алады.
Форумның ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Павлодар облысының әкімдігі және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ болып табылады.
Форумның негізгі серіктестері Eurasian Resources Group (ERG), Конрад Аденауэр атындағы қор және «Атамекен» ҰКП болып табылады.
08 тамыз 2019 ж. 639 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (9244)

08 қазан 2024 ж.

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031