Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қарағандыда «IT-WEEKEND.KZ – 2018» форумы өтеді

Қарағандыда «IT-WEEKEND.KZ – 2018» форумы өтеді


Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда жаңа форматта алғаш рет «Цифрлық технологиялар қоғамдық мүддеде» - «IT-WEEKEND.KZ - 2018» Форумы ұйымдастырылды. Форум 16-20 қазан күндері Қарағандыда өтеді. Форум аясында жаңа идеялар мен табысты жобалармен танысуға, IT мамандарды дайындаудың мәселелерін талқылауға мүмкіндік туады.

Цифрлық технологиялар еліміздің әлеуметтік-экономикалық жобаларын табысты жүзеге асырудың кепілі. Сондықта мұндай форум өткізу заман талабы. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған форумға мемлекеттік ұйымдардың, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Қазақстанның және әлемның IT саласындағы жетекші мамандары, ғылым мен білім, бизнес саласының өкілдері, сонымен қатар жастар мен студенттер қатысады. IT Форумды Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы мен «Қарағанды облысы кәсіпкерлер қауымдастығы ұйымдастырған.
Ұйымдастырушылардың айтуынша мұндай форматтаңы шара Қазақстанда алғаш рет өтіп отыр. IT- Форумның Қарағандыда өткізілуінің де өзіндік сыры бар.
«Қарағандының жоғарғы оқу орындарында және мамандандандырылған колледждерінде мықты математикалық мектеп қалыптасқан, мұнда біліктілігі жоғары мамандар даярланады. Сондай-ақ, қарағандылық программистер әлемнің жетекші IT-компанияларында жұмыс істейді. Олар отандық және шетелдік ірі кәсіпорындардың, мемлекеттік органдардың қиын тапсырмаларын орындайды», - дейді Қарағанды облысы кәсіпкерлер қауымдастығының директоры Серік Санаубаев.
16-18 қазан күндері Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде IT-Форум аясында Қарағанды облысы ЖОО-ның студенттері арасында Хакатон өтеді. Жалпы жүлде қоры 1 млн теңге. 19 қазан күні қала сыртындағы «Derby Village» клубында Хакатон қатысушылары үшін тим-билдинг өткізіліп, IT саласының қазақстандық және әлемдік жетекші мамандары шеберлік сыныптарын көрсетеді. Сондай-ақ, осы күні «Нұр Отан» партиясының ғимаратында IT-технологиялар көрмесі жұмыс істейтін болады. Қарағандының тұрғындары мен қонақтары үшін көрме есігі ашық.
20 қазанда IT Форумның басты күні өтеді. Мұнда «Қарағанды IT кеңістігінде бастапқы алаң ретінде», «IT мамандарын даярлайдың мәселелері мен болашағы», «Бәсекеге қабілетті экономиканы қолдау жағдайындағы цифрлық технологиялар» және тағы да басқа тақырыптар қозғалатын болады.


Baq.kz
16 қазан 2018 ж. 821 0