ЖАСТАРДАН ТЕК ТАЛПЫНЫС ТАЛАП ЕТІЛЕДІ
«Жастардың білім алуына, кәсіби, ғылыми және шығармашылық өсуіне жағдай жасау – қоғамды жаңғыртуға және алға ілгерілетуге салынған сенімді инвестиция. Елбасының тапсырмасымен бүгінде елімізде мемлекеттің жастарды қолдау бағытында қолайлы бағдарламалар жасақталған.
Сыр өңірінде жастарды қолдау және әлеуметтік қамтамасыз етуге республика бойынша ең көп қаражат бөлінеді. Жастар аймақ тұрғындарының айтарлықтай бөлігін құрағандықтан жастар саясаты мәселелері аса маңызды. Тұрғындардың жалпы санының 24 пайызын жастар құраса, олардың 42 пайызы қалада, 58 пайызы ауылда тұрады. Оларға сапалы білім мен сұранысқа ие мамандық беріп, жұмысқа орналастыру басымдыққа ие.
Жуырда 1500 жастың қатысуымен «Жас Отан» Жастар қанатының IV съезі өтті. Онда «Жас Отан» Жастар қанатының 2021 жылға дейінгі «Жаңа әлемге жол саламыз» атты тұжырымдамасы қабылданды.
Съезд ізімен Қызылорда облыстық «Жас Отан» Жастар қанатының ұйымдастыруымен «Жаңа әлемдегі жастар келбеті» атты облыстық жастар форумы өтті. Шараға Қызылорда облысы әкімі, облыстық партия филиалының төрағасы Қырымбек Көшербаев және «Жас Отан» Жастар қанатының атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек қатысты.
Аталмыш форумда 200 делегат бас қосып, ауқымды мәселелерді талқылап, өз саласында жетістікке жеткен жастар сөз алып, ел жастарына ерінбей еңбек етуге, білім алуға үндеді. Форум барысында облыстық «Жас Отан» Жастар қанатының жанынан «Креативті идеялар фабрикасы» және «Жас журналистер клубы» құрылатыны айтылды. Сонымен қатар, осы жоба аясында «Sarap time» бағдарламасы ашылады.
Аймақ басшысы форумда, жастар озық білім алуға ұмтылатын заман екенін қадап айтты.
«Басты фактор – білім. Міне, сондықтан елдің жарқын болашағы мен қазақстандықтардың сапалы білім арасындағы теңдік белгісі туралы айтқанда, Президент өздерің арқылы барлық жастарды тек жаңа білімді меңгеріп қана қоймай, оны Отан игілігі үшін қолдана білуге шақырды», – деп атап өтті Қырымбек Көшербаев.
Облыс әкімі жастардан тек талпыныс талап етілетінін баса айтты.
«Егер де өз бойыңда білімге деген терең талпыныс болмаса, онда ең үздік білім беру жүйесі де, ең білікті мұғалім де жастарға ештеңе үйрете алмайды. Ең ақылды және білімді адамның мақсат-мүддесі болмаса, қолынан ештеңе келмейді. Ең табысты адам ол жаңа білімге ұмтылатын, әрдайым алға ілгерілеп отыратын адам», – деді ол. Сонымен қатар, Қырымбек Елеуұлы, жастар – зор зияткерлік әлеуеттің және шығармашылыққа ерекше қабілетті, жастар – қоғамның әлдеқайда ұтқыр бөлігі екенін айтты.
Өскелең ұрпақты қолдау мақсатында аймақта «Жастар саясатын дамыту бойынша 2021 жылға дейінгі жол картасы» қабылданады. «Жол картасы» денсаулық сақтаудан бастап үкіметтік емес ұйымдармен әріптестікке дейін барлық салалар бойынша жастармен жұмыс істеудің 10 бағытын қамтиды. Мәселен, жастарды жаппай «кәсіпкерлікті дамыту мен нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы» бойынша оқыту мақсатында 1515 грант, мемлекеттік тапсырыс бойынша 3088 грант бөлініп отыр. Бұған қосымша «Серпін-2050» жобасы бойынша бөлінетін гранттарды қосатын болсақ, жастарды 100 пайыз оқумен қамтуға толық мүмкіндік туады. Биылғы жылы Ресей Федерациясының жетекші жоғары оқу орындарын бітіретін 76 түлекті жұмысқа орналастыру бойынша қазіргі таңда түлектердің 31-і магистратураға тапсыруды, 45-ін жергілікті әр түрлі меншіктегі кәсіпорындарға жұмысқа орналастыру жоспарлануда.
Қызылордалық «жасотандықтар» ІТ саласының жас мамандарын дайындауды қолға алмақшы. Форум барысында облыстық «Жас Отан» Жастар қанаты мен «Гранд Мастер» бағдарламалар мектебі арасында меморандумға қол қойылды. Алдағы уақытта аталмыш мектеппен бірлесе отырып «Start up nation» жобасы жүзеге асырылатын болады. Мұнымен қоса облыстық «Жас Отан» ЖҚ коворкинг орталығын ашуды жоспарлауда. Бұл жастардың бас қосар, қызықты алаңына айналады және жақында «Жас Отан» Жастар қанатының ресми интернет-сайты іске қосылады, – дейді мамандар. Қазіргі таңда «Жас Отан» Байқоңыр жастарымен тығыз жұмыстар жүргізуде. Байқоңырдағы «Жас Отан» ЖҚ қалалық бөлімшесі тұрақты жұмысын бастады. Алдағы уақытта «Байқоңыр Сonf» жастар конференциясын өткізу жоспарланып отыр.
Форум аясында қатысушы делегаттар 5 бағыт бойынша сессия жұмыстарына қатысты. Атап айтатын болсақ, олар «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Білім. Инновация. Цифрлы Қазақстан», «Агро инновация», «Саламатты ұрпақ», «Made in Qyzylorda» сессиялары. Барлық шаралар еркін форматта «Open talks» форматында өткізілді. Бұл форумның ерекшелігі әрбір сессияға өз саласының жас мамандары бас қосқан болатын. Сессия барысында қатысушылар топтарға бөлініп, жобалар жасады. Шара соңында қатысушылар өз жобаларын қорғап, сайыс соңында жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Миуа БАЙНАЗАРОВА.
Қызылорда.