2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Біртіндеп жылынады: Қазгидромет алдағы үш күнде ауа райы қандай болатынын мәлімдеді

Біртіндеп жылынады: Қазгидромет алдағы үш күнде ауа райы қандай болатынын мәлімдеді

«Қазгидромет» РМК Қазақстан бойынша 16-18 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Біртіндеп жылынады: Қазгидромет алдағы үш күнде ауа райы қандай болатынын мәлімдеді

Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш күнде батыста, солтүстік-батыста, апта соңында Қазақстанның шығысында, 17-18 наурыз күндері Қызылорда облысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады. Жауын-шашын болады.
18 наурызда Батыс Қазақстан, Атырау облысында, 17 наурызда Маңғыстау облысында қатты жауын-шашын, жаңбыр аралас қар жауады.
16-17 наурызда Түркістан облысында, 17-18 наурызда еліміздің солтүстік, оңтүстік-шығыс және орталық облыстарында, 18 наурызда Шығыс Қазақстанда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Республиканың барлық аумағында жел күшейеді, тұман, көктайғақ, солтүстікте, шығыста және орталықта жаяу борасын соғады.
Республиканың оңтүстік жартысында ауа температурасы біртіндеп 8-20 градусқа, солтүстік жартысында 0-8 градусқа дейін көтеріледі.
16 наурыз 2024 ж. 282 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (9439)

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (9438)

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (9437)

15 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930