Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 29 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

29 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы


Сурет:  Ашық дереккөз

«Қазгидромет» 29 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады.

«Солтүстік-батыс антициклон жотасының әсерінен еліміздің батыс жартысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, ал елдің қалған аумағында атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауады, күндіз Алматы облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар). Қазақстанның оңтүстік жартысында найзағай ойнайды. Республика бойынша тұман, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, күндіз шығыста және орталықта екпінді жел күтіледі», – делінген синоптиктердің болжамында.

Ақтөбе облысының солтүстігінде түнде топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді.

Түркістан облысында, Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

Жамбыл облысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде және Ұлытау облысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Атырау облысының шығысында, Маңғыстау, Қызылорда облыстарының батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
29 қыркүйек 2023 ж. 487 0

Қоғам

ӘДІЛЕТТІҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ
03 қыркүйек 2025 ж. 39

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (9333)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (9332)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (9331)

26 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930