Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 22 қыркүйекке ауа райы болжамы жарияланды

22 қыркүйекке ауа райы болжамы жарияланды


Фото: news.myseldon.com

«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 22 қыркүйекте болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.

 Республикамыздың басым бөлігінде антициклон ықпалының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек шығыста, оңтүстік-шығыста  атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр мен найзағай болады, еліміздің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр, таулы аудандарда жауын-шашын (жаңбыр, сулы қар) күтіледі. Республика бойынша екпінді жел, түнде және таңертең тұман күтіледі.       
                               
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, Қостанай облысының солтүстік-шығысында, Қарағанды облысының шығысында түнде топырақ бетінде үсік күтіледі. 
                                                        
Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде, Қарағанды, Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысында, Түркістан облысының шөлді аудандарында жоғарғы өрт қаупі сақталады.
22 қыркүйек 2023 ж. 235 0

Қоғам

ШАРАПАТЫ МОЛ ШАРА
04 мамыр 2024 ж. 26

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (9197)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031