Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады


Сурет ашық дереккөзден

Қазгидромет ел аумағында 5 қыркүйекте болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр жауады, еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Тек еліміздің батысы мен оңтүстігінде ауа райы көбіне жауын-шашынсыз болады деп күтіледі. Республика бойынша найзағай, екпінді жел, бұршақ жауады. Оолтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында тұман болады.

«Жамбыл облысында, Қызылорда облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында, Атырау облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, орталығында, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде өрт қаупі бар, Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде жоғарғы өрт қаупі күтіледі», – деп жазды синоптиктер.
05 қыркүйек 2023 ж. 238 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930