Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

Фото: Caravan.kz

Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамынша, республиканың көптеген бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланыстыауа райы тұрақсыз болады, соған байланысты жауын-шашын, солтүстікте кей жерде қатты жауын-шашын жауады, тек оңтүстік-батыс, оңтүстік, және оңтүстік-шығыста ауа райы жауын-шашынсыз болуы мүмкін. Кей жерде жел күшейіп, тұман, солтүстікте көктайғақ, бұрқасын байқалады.

Aқмола облысында жел жылдамдығы 15-20 м/с, кей жерде 23-28 м/с, кей жерде қатты жауын-шашын, түнде және таңертең кей жерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын сақталады.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күшейеді, кей жерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерінде бұрқасын байқалады.
Түнде Aқтөбе облысының басым бөлігінде, күндіз кей жерінде, Шығыс Қазақстан, күндіз Қызылорда облыстарында жел 15-25 м/с дейін күшейеді.
Жамбыл, Түркістан, Aтырау, Батыс Қазақстан, түнде Aлматы облыстарының кей жерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшеюі ықтимал.


Baq.kz
29 қазан 2018 ж. 1 597 0

Қоғам

ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ
10 қыркүйек 2026 ж. 78

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (9435)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (9434).

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (9433).

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930