Қыстың соңғы күні ауа райы қандай болады?
Синоптиктердің мәліметінше, 2 наурызға дейінгі аралықта көктемге тән ауа райы қалыптасады. 28 ақпан күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тағы да құбылмалы болады, кей жерлерде жауын-шашын жауады, солтүстікте қар жауады, тек республиканың оңтүстік-шығысында күн жауын-шашынсыз болады. Өңірлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, боран соғып, жел күшейеді.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады, жел күшейеді, Қарағанды облысында тұман түседі.
Павлодар, Ақмола облыстарында тұман түсіп, боран соғады, көктайғақ болады, жел күшейеді. Түркістан облысында да тұман түсіп, жел күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысында жаяу бұрқасын соғады, тұман түсуі мүмкін.
Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады, Батыс Қазақстан облысында жел күшейеді.
Алматы облысында Жалаңашкөл көлі ауданында 18-23 м/с жел соғады, жел екпіні секундына 28 метрге жетеді. Қостанай облысында тұман түседі.
Алматыға іргелес аудандар мен Алматы, Қызылорда облыстарында су тасқыны қаупі бар. Қызылорда облысында тұман мен көктайғаққа байланысты ескерту жарияланды.
Республиканың ірі қалаларында 28 ақпанда ауа температурасы мына шамада болады:
Астана
3-5 градус аяз
Алматы
10-12 градус жылы
Шымкент
13-15 градус жылы
Көкшетау
6-8 градус аяз
Ақтөбе
3-5 градус аяз
Ақтау
5-7 градус жылы
Талдықорған
9-11 градус жылы
Атырау
2-4 градус жылы
Қарағанды
2-4 градус аяз
Павлодар
0-2 градус аяз
Петропавл
8-10 градус аяз
Қызылорда
5-7 градус аяз
Орал
0-2 градус аяз
Өскемен
0-2 градус жылы
Тараз
13-15 градус жылы
Қостанай
8-10 градус аяз
“Қазгидромет” кәсіпорнының мамандары 28 ақпан – 2 наурыз аралығында ауа райы қандай болатынын хабарлады.
Қазақстанда алдағы күндері көктемге тән құбылмалы ауа райы болады. Республиканың солтүстік бөлігінде қар жауып, бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Оңтүстік бөлікте жауын-шашын болып, қарға ұласатын жаңбыр жауады, тұман түсіп, көктайғақ болады және күндізгі температура 5-18 градус жылыға дейін жоғарылайды. Республиканың бүкіл аймағында ауа температурасы климаттық нормадан жоғары болады, – деп хабарлады синоптиктер.
baribar.kz