Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 17 ақпанға арналған ауа райы болжамы

17 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, еліміздің басым аумағында атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз, жауын-шашын болады.Оңтүстік-шығыс бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерде республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады, жел күшейеді.Жамбыл облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, желдің күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с, облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с аса күтіледі. 
Түркістан облысында жел күшейіп, түнде кей жерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с, тау асуларында 30 м/с аса күшейеді, күндіз кей жерінде тұман, көктайғақ болады. 
Алматы облысының кей жерінде тұман, Жалаңашкөл ауданында жел 20-25 м/с, екпіні 28 м/с. 
Қызылорда облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с.
Маңғыстау облысының кей жерінде көктайғақ, бұрқасын болады, жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман, бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Ақмола, Қарағанды облыстарында көктайғақ болуы мүмкін.
Атырау, Батыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болады.
Қостанай облысының кей жерінде бұрқасын болып, тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде бұрқасын болады, жел 15-20 м/с күшейеді.
Павлодар облысының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.
BAQ.KZ.
17 ақпан 2019 ж. 926 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№65 (9332)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (9331)

26 тамыз 2025 ж.

№63 (9330)

23 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930