Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 22 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

22 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

22 Қаңтар 2019, 08:15249
Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, бүгін еліміздің басым аумағында ауа райы тұрақсыз болады. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын жауады. Республиканың кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшеюі мүмкін.Ақмола, Жамбыл облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ болып, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде бұрқасын болуы мүмкін, жел 15-25 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейіп, жаяу бұрқасын болуы ықтимал.

Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ болады.

Маңғыстау, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының кей жерінде  тұман түседі.

Түркістан облысында, күндіз Қостанай облысының кей жерінде жаяу бұрқасын, тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. 

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, жаяу бұрқасын болады. 

Павлодар облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болады, түнде жел 15-20 м/с күшейеді.



22 қаңтар 2019 ж. 997 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031