Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы

Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы



Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, ел аумағының басым бөлігі белсенді фронталды жүйеде болуына байланысты, жауын-шашын, оңтүстіктің таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. Кей жерде екпінді жел, тұман, көктайғақ, бұрқасын болуы мүмкін. Aлматы облысының кей жерінде жел 15-20 м/с, Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 25 м/с күшеюі ықтимал, түнде кей жерінде тұман түседі. Aқмола, Қостанай облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейіп, тұман, бұрқасын, Қостанай облысында көктайғақ болады. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде бұрқасын, көктайғақ, жел жылдамдығы 15-20 м/с күшеюі ықтимал.
Шығыс Қазақстан облысында жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз бұрқасын болады. Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ болып, Түркістан Жамбыл облыстарында жел 15-23 м/с күшеюі мүмкін.
Павлодар, күндіз Aқтөбе облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды, Aтырау, Маңғыстау облыстарының кей жерінде тұман түседі.
Baq.kz
27 қараша 2018 ж. 1 384 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (9431)

25 тамыз 2026 ж.

№63 (9430).

22 тамыз 2026 ж.

№62 (9429)

18 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31