Бейсенбіде елдің басым бөлігінде жел күшейеді
Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, бүгін ел аумағының басым бөлігі бұрынғыша белсенді фронттардың ықпалында болғандықтан, ауа райы тұрақсыз болады. Республиканың оңтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз. Кей жерінде жел күшейеді, тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын сақталады.
Aқмола, Қостанай облыстарында кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, түнде кей жерінде жел күшейіп, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады, басым бөлігінде жел 15-20 м/с, кей жерде 23-28 м/с күшейеді.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болуы ықтимал, жел 15-20 м/с күшейеді.
Павлодар облысында көктайғақ, басым бөлігінде жел 15-20 м/с, кей жерінде 25 м/с дейін күшейеді.
Aлматы, Жамбыл облыстарының кей жерінде тұман түсіп, жел жылдамдығы 15-20 м/с, Жамбыл облысында желдің екпіні 23 м/с күшейеді.
Қызылорда, түнде Түркістан, күндіз Aқтөбе облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Түркістан облысында кей жерде тұман түсуі мүмкін.
Маңғыстау, Aтырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түседі.
Baq.kz