Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады

Еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады



Синоптиктердің болжамы бойынша, 18 қазанда Қостанай облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.
Қызылорда облысының кей жерінде батыс, оңтүстік-батыстан 15-20, екпіні 23-28 м/с жел, тұман, көктайғақ күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша кей жерінде оңтүстік-батыстан соғатын желдің 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді.
Өскемен қаласында күндіз 18 қазанда оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.
Семей қаласында күндіз 18 қазанда оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күтіледі. Кей жерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады.
Петропавл қаласында солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі. Көктайғақ болады.


Baq.kz
17 қазан 2018 ж. 1 728 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9445)

13 қазан 2026 ж.

№77 (9444).

10 қазан 2026 ж.

№76 (9443)

06 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031