ЕЛІМІЗДІҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ ҚАР ЖАУАДЫ
8 қаңтарда атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады, тек республиканың шығысында және оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, бұрқасын күтіледі.
Алдағы үш тәулікте елімізде аяз күтілуде Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 23-28 м/с-ге күшейеді, кей жерлерінде түнде тұман түседі. Ақтөбе, Батыс Қазақстан, күндіз Ақмола облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ге жетеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз желдің күші 15-20 м/с-ге жетеді, екпіні 23 м/с болады, бұрқасын күтіледі. Қостанай облысының таңертең және күндіз жел екпіні 15-20 м/с күтіледі, кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі. Атырау облысының кей жерлерінде , көктайғақ, күндіз желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі. Маңғыстау облысында, Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Қызылорда, түнде Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болады.
inform.kz