Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » қаңтар айында ауа райы қандай болады?

қаңтар айында ауа райы қандай болады?


Қаңтар айының алғашқы онкүндігінде республикамыздың көп бөлігінде Сібір антициклоны болады. Түнде және таңертең айқын, орташа аязды ауа райы болжанады. Ауа температурасы түнде -5, -13°C, күндіз -0, -5°C аяз болады, деп хабарлайды “Қазгидромет” РМК сілтеп Stan.kz

Республикамыздың солтүстігінде және орталығында түнде -20, -25°C, шығыс жерлерде -30°C, күндіз -15, -20°C, шығыс жерлерінде 25 °C аяз болады.
Ал елдің оңтүстік және оңтүстік-шығысында атмосфералық қысымнан өтетін ауа райы тұрақсыз деп болжанады: жауын-шашын, тұман түсіп, көктайғақ болады. Түнде -3, -13°C, күндіз -0,-5°C аяз, оңтүстіктің кей жерлерінде +5 градусқа дейін жететін жылымық болжанады.
Ұзақ мерзімді болжауға сәйкес, ауаның температурасы төмендегідей:
Қазақстанның солтүстігінде түнде -25, -30°C, күндіз -20, -25 °C аяз болады; оңтүстігінде түнде -17, -22 градусқа дейін, күндіз -10, -15°C аязға дейін жетеді.
Сондай-ақ, қаңтардағы ауа температурасы климаттық мәндер бойынша болады. Тек елдің батысында нормалардан 1°C жоғары болады деп күтілуде. Атырау, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облысының көп бөлігі, Қостанай мен Қарағанды қалаларының солтүстігінде, Оңтүстік Қазақстан облысының таулы және тау бөктері аудандарында айына жауын-шашынның мөлшері Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарынан төмен болуы мүмкін.
02 қаңтар 2018 ж. 2 254 0

Қоғам

ҚАЛАМЫНЫҢ ҰШЫНДА ЕЛ ҮНІ БАР
31 желтоқсан 2025 ж. 104

ЗАУЫТТАҒЫ 20 ЖЫЛ

31 желтоқсан 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (9367)

31 желтоқсан 2025 ж.

№99 (9366)

27 желтоқсан 2025 ж.

№98 (9365)

23 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031