Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Алдағы үш тәулікте елімізде күн жылы болады

Алдағы үш тәулікте елімізде күн жылы болады


Республиканың басым бөлігінде ашық ауа райы әлі де сақталмақ. Тек батыс аймақтарда жауын-шашын болуы ықтимал. Жылы ауа ағынының шығысқа ойысуы әсерінен бірқатар облыста қар жауып, бұрқасын соғуы мүмкін. Бірақ ауаның температурасы төмендей қоймайды. Лаура Сайлыбаева, «Қазгидромет» РМК инженер-синоптигі: - Астана қаласында 23 желтоқсан күні жауын-шашынсыз ауа райын күтеміз. Ал 24-25 желтоқсан күндері қар жауып, бұрқасын және қатты екпінді жел соғады. Ауа температурасы желтоқсанның 23-і түнгі уақытта -17, -19, күндіз -7, -9 градус аяз болады. Ал содан соң ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды. 25 желтоқсанда түнгі уақыттарда -5, ал күндіз 0, -2 градус шамасында болады.
24.kz
22 желтоқсан 2017 ж. 1 789 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (9431)

25 тамыз 2026 ж.

№63 (9430).

22 тамыз 2026 ж.

№62 (9429)

18 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31