Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Алдағы екі күнде бұршақ жаууы мүмкін

Алдағы екі күнде бұршақ жаууы мүмкін

Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжамы бойынша, 21 қыркүйекте Ақмола облысының кей жерінде қатты жаңбыр күтіледі. 21 қыркүйекте облыстың басым бөлігінде, 22 қыркүйекте кей жерде оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, кей жерде екпіні 25 м/с. 22 қыркүйекте кей жерде бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең кей жерде тұман болжанады.
Сонымен қатар, Астана қаласында 21-22 қыркүйекте оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с. 22 қыркүйекте бұршақ күтіледі.
Ал, Солтүстік Қазақстан облысында 21 қыркүйекте жаңбыр, кей жерде қатты жаңбыр күтіледі. Кей жеррде найзағай, бұршақ болады. Солтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші кей жерде 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі.
Петропавл қаласында 21 қыркүйекте жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің екпіні күндіз 15-20 м/с дейін күшейеді.
baq.kz
21 қыркүйек 2018 ж. 4 215 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№27 (9394)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (9393)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (9392)

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930