Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Синоптиктер ауа райына байланысты ескерту жариялады

Синоптиктер ауа райына байланысты ескерту жариялады


30 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша күндіз кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде найзағай, дауыл, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің кей жерлерде екпіні 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі. 30 шілдеде Петропавл қаласында найзағай, дауыл, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%. 30-31 шілдеде Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл болады, бұршақ жауады, солтүстік-шығыстан жел соғады күші 15-20 м/с, күндіз 30 шілдеде екпіні 25 м/с. Түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіледі. 31 шілдеде түнде кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі. 30-31 шілдеде Астана қаласында найзағай болады, бұршақ жауады, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 80-85%. Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғып, шаңды дауыл сақталады.

www.24.kz
30 шілде 2018 ж. 1 086 0