Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады
Синоптиктердің болжамынша, бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын жауып, күн күркірейді. Жел күшейіп, шаңды дауыл тұрады. Тұман түсіп, бұршақ жаууы да ықтимал. Тек елдің оңтүстік-шығысында, шығысында және батысында ғана күн ашық болады.
Жамбыл облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23-28 м/с құрайды. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында жылдамдығы 30 м/с және одан аса күшті жел күтіледі, жекелеген аудандарында дауыл күтіліп, бұршақ жаууы мүмкін.Қызылорда облысының кей жерлерінде түнде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күшейіп, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерлерінде 23-28 м/с, жетеді, жекелеген аудандарында дауыл, шаңды дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін.
Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде желдің жылдамдығы 15-20 метрге дейін жетіп, күндіз басым бөлігінде 15-20 метр, кей жерлерінде 23-28 м/с күшейеді, жекелеген аудандарында дауыл, шаңды дауылболып, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.
Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарыныңкей жерлерінде түнде жел 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 метр, кей жерлерінде 23-28 м/с дейін күшейеді. Жекелеген аудандарында тұман, дауыл соғып, бұршақ болуы мүмкін.
Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде түнде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді, күндіз кей жерлерінде дауыр күтіледі.
Ақмола облысының кей жерлерінде бұршақ болуы мүмкін.Қарағанды облысының кей жерлерінде түнде жел 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 17-22, екпіні 28 м/с жетеді, жекелеген ауданында бұршақ болуы мүмкін.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде түнде, басым бөлігінде күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының, күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облыстарыныңкей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.
Ал Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде топырақ бетінде -2 градуска үсік күтіледі.
Маңғыстау облысында, Қызылорда, Жамбыл, Алматы облыстарында жоғары өрт қауіпі күтіледі.
nur.kz