БҮГІН ЕЛІМІЗДІҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ КҮН КҮРКІРЕП, ЖАҢБЫР ЖАУАДЫ
«Қазгидромет» мамандарының хабарлауынша, ел аумағынан атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты басым бөлігінде жауын-шашын жаууы сақталады, көбіне жаңбыр болады, тек батысы мен оңтүстіктің кей бөліктерінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, оңтүстікте найзағай мен шаңды дауыл күтіледі.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ болып, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман күтіліп, Ақтөбе облысында жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман, жел 15-23 м/с күшейіп, күндіз найзағай болады. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің 15-20 м/с күшеюі мен таулы аймақтарда найзағай күтіледі. Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының кей жерлерінде желдің 15-23 м/с күшеюі күтіледі, Қызылорда облысында шаңды дауылмен болады, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде көктайғақ күтіледі.
Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде 1 градус үсік күтіледі.
Дайындаған: Досжан Балабекұлы