Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЕРТЕҢ ТҰРАҚСЫЗ АУА-РАЙЫ САҚТАЛАДЫ

ЕРТЕҢ ТҰРАҚСЫЗ АУА-РАЙЫ САҚТАЛАДЫ


Синоптиктердің мәліметінше, ертең, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерінде қар жауады, жел күшейеді, бұрқасын, батысында көктайғақ болады. Республиканың басым бөлігінде тұман түседі. «Алматы облысының кей жерлерінде тұман, түнде Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы секундына 18-23 метрге жетеді. Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі – секундына 15-20 метр», – делінген хабарламада. Сонымен қатар, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің екпіні секундына 15-20 метр болады. Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі. Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, Атырау облысында көктайғақ болады.
Сондай-ақ, 112 қызметінің хабарлауынша  Алматы қаласының төменгі таулы аудандарындағы өзендерде су тасу қаупі бар.
Дайындаған: Д. Балабекұлы 
24 ақпан 2018 ж. 1 702 0

Қоғам

ҚАЛАМЫНЫҢ ҰШЫНДА ЕЛ ҮНІ БАР
31 желтоқсан 2025 ж. 80

ЗАУЫТТАҒЫ 20 ЖЫЛ

31 желтоқсан 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (9367)

31 желтоқсан 2025 ж.

№99 (9366)

27 желтоқсан 2025 ж.

№98 (9365)

23 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031