Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның бірнеше аймағында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанның бірнеше аймағында дауылды ескерту жарияланды



Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Хабарламада жазылғандай, 8 маусымда Ақмола облысында оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Күндіз кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі және бұршақ жаууы мүмкін.
«8 маусым күні түнде Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай күркіреп, батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Қызылорда облысының кей жерлерінде түнде дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін және желдің жылдамдығы секундына 23-28 метр аралығында болмақ. Ал Оңтүстік-Қазақстан облысының кей жерлерінде таңертең және күндіз найзағай ойнап, дауыл күтіледі. Тәулік бойы кей жерлерде оңтүстік-батыстан, солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғуы ықтимал.
«9 маусымда Алматы, Жамбыл облыстары мен Алматы қаласының өзендерінде және 10 маусымда Алматы облысының таулы аудандарында жаңбыр болжамына байланысты кей жерлерде су тасқындарының қалыптасуы күтіледі», - делінген хабарламада.

07 маусым 2018 ж. 1 574 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (9444).

10 қазан 2026 ж.

№76 (9443)

06 қазан 2026 ж.

№75 (9442)

03 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031