Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Астанада және еліміздің екі облысында дауылды ескерту жарияланды

Астанада және еліміздің екі облысында дауылды ескерту жарияланды



Астанада және еліміздің екі облысында дауылды ескерту жарияланды.
 «31 мамырда Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында оңтүстік-батыстан, батыстан 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, күндіз кей жерлерде 30 м/с жел соғады деп күтілуде. Кей жерлерде күн күркіреп, дауыл соғып, бұршақ түсуі мүмкін. Кей жерлерде таңертең және түнде тұман тұтады», – делінеді хабарламада.
Астанада 31 мамырда оңтүстік-батыстан, батыстан 15-20 м/с болатын жел соғады деп болжануда. Сонымен қатар дауыл соғып, күн күркіреп, бұршақ жаууы ықтимал. Түнде және таңертең тұман тұтады.
Петропавлда 31 мамырда оңтүстік-батыстан, батыстан 15-20 м/с, кейле 23-28 м/с жел соғады. Таңертең және түнде тұман тұтады. Сондай-ақ, күн күркіреп, дауыл соғып, бұршақ түсуі мүмкін.
Дауылдың ықтималдығы 85-95 % пайызды құрап отыр.
Бұл туралы «Қазгидромет» РМҚ-ға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
30 мамыр 2018 ж. 1 164 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9408).

02 маусым 2026 ж.

№40 (9407).

30 мамыр 2026 ж.

№39 (9406)

26 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930