Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚАЗАҚСТАНДА АЛДАҒЫ КҮНДЕРІ 40-45 ГРАДУС АЯЗ БОЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА АЛДАҒЫ КҮНДЕРІ 40-45 ГРАДУС АЯЗ БОЛАДЫ


Қазгидромет күннің күрт суытуына байланысты ескерту жариялады.
«Қазақстан аумағынан Актикалық антициклондардың өтуіне байланысты бірқатар облыстарда қатты аяз күтілуде. Осыған байланысты елімізде ескерту жарияланды. 22-26 қаңтар аралығында Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде -35-40 градустық қатты аяз күтілуде. 24-26 қаңтар күндері кей жерлерде -45 градус, күндіз -27-32, кей жерлерде -35 градус қатты аяз болады», – делінген синоптиктердің хабарламасында.
Қазгидрометтің ақпараты бойынша, 22-26 қаңтар аралығында Қостанай облысында түнде -33-38, күндіз -20-25 градус қатты аяз болуы ықтимал.
Астанада 23-26 қаңтарда түнде -35-40, күндіз -27-32 градустық қатты аяз болуы мүмкін.
ҚазАқпарат
19 қаңтар 2018 ж. 1 611 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№8 (9375)

31 қаңтар 2026 ж.

№7 (9374)

27 қаңтар 2026 ж.

№6 (9373)

24 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728