Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда 9 маусым күні ауа райы құбылмалы болады

Қазақстанда 9 маусым күні ауа райы құбылмалы болады


Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты ауа рай құбылмалы болады, кей жерде жаңбыр жауып6 найзағай жарқылдайды, тек солтүстік-батыста және оңтүстік-батыста жауын-шашын болмайды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.
"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, еліміздің кей жерінде жел күшейіп, шаңды дауыл тұрады, ал солтүстік және оңтүстік-шығысында бұршақ жаууы ықтимал.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде кей жерде, күндіз басым бөлігінде желдің күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с, күндіз кей жерде - дауыл, бұршақ жаууы мүмкін, түнде және таңертең тұман түседі.
Алматы облысының кей жерінде желдің күші 17-22 м/с жетеді, шаңды дауыл тұрады.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с, дауыл, Жамбыл облысында бұршақ жаууы мүмкін.
Қостанай, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде желдің күші 15-20 м/с болады.
Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетіп, дауыл соғады, бұршақ жаууы ықтимал.
Түнде Ақмола, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде жел тұрады, жылдамдығы 15-20 м/с.
Күндіз Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде аптап болады.
Маңғыстау өңірінің басым бөлігінде, Қызылорданың кей жерінде, сондай-ақ Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Baq.kz
09 маусым 2018 ж. 1 166 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930