Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сейсенбіде кей облыста тұман түсіп, көктайғақ болады

Сейсенбіде кей облыста тұман түсіп, көктайғақ болады



Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады, жауын-шашын болуы ықтимал. Тек республиканың оңтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында жауын-шашын болмайды. Кей жерде екпінді жел күшейіп, тұман түседі, солтүстікте көктайғақ, бұрқасын сақталады.

Aқмола, Павлодар облыстарында жел жылдамдығы 15-20 м/с, кей жерде 23-28 м/с, кей жерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде түнде жел 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күшейеді, кей жерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады.
Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерінде көктайғақ, жаяу бұрқасын болып, жел 15-22 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болып, жел жылдамдығы 17-22 м/с күшейеді.
Түркістан облысының кей жерінде тұман, күндіз желдің 15-20 м/с күшеюі мүмкін.
Жамбыл, Маңғыстау, Aтырау, Батыс Қазақстан облыстарында, түнде Aлматы облысында тұман түседі.

Baq.kz
30 қазан 2018 ж. 1 236 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№65 (9332)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (9331)

26 тамыз 2025 ж.

№63 (9330)

23 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930