Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін кей аймақта жел күшейеді

Бүгін кей аймақта жел күшейеді



«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, еліміздің басым аумағында ауа райы тұрақсыз, жауын-шашын болады. Республика бойынша кей жерде көктайғақ, тұман түседі, жел күшейеді.

Ақмола облысында жел, түнде республиканың басым бөлігінде, күндіз кей жерінде жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді, кей жерде жаяу бұрқасын болады.

Алматы облысының кей жерінде тұман түседі. Жалаңашкөл ауданында жел жылдамдығы 17-22 м/с, екпіні 25 м/с күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысында бұрқасын, тұман, көктайғақ болуы мүмкін, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Қостанай облысының кей жерінде бұрқасын, жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл, Түркістан, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман, жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерінде тұман, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерінде тұман түседі.

Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде көктайғақ болуы ықтимал.

Күндіз Павлодар облысының кей жерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
baq.kz
14 қаңтар 2019 ж. 845 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930