Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 14 ақпанға арналған ауа райы болжамы

14 ақпанға арналған ауа райы болжамы


Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" синоптиктерінің болжамына қарағанда еліміздің басым аумағында антициклонның жотасы орналасқан, осыған байланысты ауа райы жауын-шашынсыз болады. 

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың оңтүстігінің кей жерінде жауын-шашын, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын болуы мүмкін. 
Кей жерде республика бойынша тұман, көктайғақ болады, бұрқасын күтіледі, жел күшейеді.Жамбыл облысының кей жерінде қатты жауын-шашын, тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с, екпіні 23 м/с күшейеді. 
Түркістан облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді. 
Алматы облысында түнде және таңертең кей жерде тұман түседі, Жалаңашкөл ауданында жел жылдамдығы 20-25 м/с, екпіні 30 м/с күшейеді.
Қызылорда облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болады, түнде  жел 15-20 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан облысында кей жерде бұрқасын, тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болады.
Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, түнде Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман түседі. 
14 ақпан 2019 ж. 1 829 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№46 (9413).

20 маусым 2026 ж.

№45 (9412).

16 маусым 2026 ж.

№44 (9411).

13 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930