Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 29 қарашаға арналған ауа райы болжамы

29 қарашаға арналған ауа райы болжамы


Астана, BAQ.KZ. Қазақстан территориясы белсенді фронталды аймақтың ықпалында болады. Осыған байланысты жауын-шашын болады. Кей жерлерде мол мөлшерде жаууы мүмкін. Солтүстік өңірлердете бұрқасынға ұласатын екпінді жел соғады. Сонымен қатар республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін.

Ақмола облысында жел күшейіп, екпіні 25 м/с-ға жетеді. Кей жерлерде 30 м/с-ға дейін және одан да жоғары болады. Көктайғақ болуы мүмкін.
Павлодар облысында күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, екпіні 25 м/с, кей жерлерде 30 м/с-дан асады. Көктайғақ болады.
Қостанай облысында 15-20 м/с жылдамдықпен соқан желдің екпіні 23 м/с күшейіп, бұрқасын болып, тұман түседі, көктайғақ болады.
Солтүстік Қазақстан облысында 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады. Кей жерлерде бұрқасын соғып, көктайғақ болып, тұман түседі.
Қарағанды облысының жекелеген аумақтарында бұрқасын соғып, тұман түсіп, көктайғақ болады. Желдің екпіні 15-20 м/с-ға жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді.
Түркістан, түнде Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Қызылорда облысында көктайғақ болып, тұман түсіп, бұрқасын соғады. 15-20 м/с екпінде жел тұрады.
Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде көктайғақ болып, ақжорға жүреді, 15-20 м/с жел соғады.


Baq.kz
29 қараша 2018 ж. 1 087 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930