ДАРЫНДЫ БАЛА – МАҚТАНЫШЫМЫЗ
Дарынды бала – бұл белгілі бір қызмет түріндегі айқын, кейде керемет жетістіктермен ерекшеленетін бала. Сондай оқушылардың бірі – А.С.Пушкин атындағы №46 мектеп-лицейінің 7-сынып оқушысы Ринат Дастанұлы.
Жақында Шиеліде «Алтын қазына» көркем және сәндік қолданбалы балалар шығармашылығының республикалық көрмебайқауының аудандық кезеңі өтті. Сол сайыста өзіңнің белсенділігімен, табандылығымен, дарындылығымен көзге түскен Ринат III орынға ие болды. «Ұлттық нақыштағы интерьердің ерекше дизайн-жобасы» номинациясы бойынша бақ сынап, жүлделі орынды қанжығасына байлады. «Шәкірт жетістігі – ұстаз абыройы» демекші, оқушы мұғаліміне қарап өседі, дамиды. Міне, дәл солай Ринаттың жетекшісі Абай Мұраттың еңбегі еселенді десек қателеспейміз.
Байқау бірнеше бөлімдерден тұрды. Яғни оқушылар мен жетекшілердің бірігіп жасалған жұмыстары көрсетілді. Мақсаты да білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, балаларды рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға араластыру болды.
Айнұр ИБРАШЕВА