Мереке қарсаңында өткен ғылыми жоба
Өткен аптада №47 М.В.Ломоносов атындағы мектеп лицейдің 70 жылдығына орай «Сан қыранды самғатқан – алтын ұя» атты аудандық ғылыми практикалық конференциясы өтті.
Аталмыш ғылыми жобаға ауданның әр мектебінен жиналған 7-9 сынып оқушылары қатысты. Мектепшілік байқау жеңімпаздарынан 28 оқушы келіп, 27 ғылыми жоба қорғады. Жоба жұмыстары үш секция бойынша өткізіліп, жоба сайысы қыза түсті. «Алтын ұя-мектебім» секциясы бойынша 6 жұмыс ұсынылып, нәтижесінде №149 мектептің 8 сынып оқушысы Айшабибі Паштай І орынды қанжығасына байласа, №45 мектеп-гимназияның 7 сынып оқушысы Мадина Бердіманова, №241 мектептің 7 сынып оқушысы Жауқазын Жұмаханқызы, №47 мектеп-лицей оқушысы Мағжан Өмірзақов ІІ орынды еншіледі. Ал, ІІІ орынға №153 мектеп оқушысы Данагүл Жарасбек пен №155 мектеп оқушысы Жәния Сейділдаева жайғасты.

«Ұстаз – ұлы есім» секциясы бойынша 10 оқушы қатысты. Бұл секцияда ерекше нәтиже көрсетіп, І орынды №45 мектептің 8 сынып оқушысы Қарақат Тәңірберген иеленсе, ІІ орын №47 мектеп-лицейдің 7 сынып оқушыс Гүлназым Болатоваға бұйырды. №270 мектептің 8 сынып оқушысы Сабина Алтынбек, №153 мектептің 9 сынып оқушысы Нұрай Сәрсенбай, №244мектептің 9 сынып оқушысы Нұрай Еркінбай, №243 мектептің 7 сынып оқушысы Жанна Тахирова ІІІ орынға жайғасты.
«Біздің мақтанышымыз» секциясына әр мектептен 11 оқушы қатысып, №127 мектептің 9 сынып оқушысы Бауыржан Қайратов І орынға жайғасса, №47 мектеп-лицейдің 7 сынып оқушысы Думан Әбдуәкім мен №148 мектептің 8 сынып оқушысы Бауыржан Оразбеков ІІ орынды қанжығалады. Ал, №241 мектептің 7 сынып оқушысы Инабат Төленова мен №50 мектептің 9 сынып оқушысы Гүлнұр Қалжанова және №270 мектептің оқушысы Кеңес Диас ІІІ орынды иеленді. Жеңімпаздардың барлығы аудандық білім бөлімінің дипломдарымен марапатталды. Қалған барлық қатысушыларға арнайы алғыс хаттар табысталды. Бұл жобаның әділ қазылар алқасына аудандық білім бөлімінің мамандары мен әр ауданнан келген мектеп ұстаздары, және осы мектептің ардагер ұстаздары қазылық етті. Ал, қортынды бөлім, концерттік кешке ұласып, оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, ән айтып, би біл деді. Ата-аналар барлық қатысушыларға ақ батасын беріп, ғылыми жобаның көркін аша түсті. Тартысқа толы ғылыми жобаның марапаттау рәсімі аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жібек Баймұратоваға бұйырып, сала басшысы қатысушылардың барлығына ақ тілегін айтып, өз алғысын білдірді.
Сымбат СЕРІКҚЫЗЫ