ШӘКӘРІМ МҰРАСЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ
Сәрсенбінің сәтті күнінде Шиелі аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ұйымдастыруымен ІІ республикалық Шәкәрім оқуларының аудандық іріктеу кезеңі өтті.
Аталған шараға 36 оқушы қатысып, бағын сынады. Иә, бұрындары Абай-Шәкәрім оқулары болса, былтырдан бері республика көлемінде Шәкәрім оқулары жеке аталып өтуде. Бұл қуанарлық жағдай. Себебі бұл байқау руханият арнасын кеңейте түсті. Байқаудың мақсаты – қазақ халқының ойшылы Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармаларын насихаттау, ақын өлеңдеріндегі тұлғалық қасиеттерді, жаңа буынның интеллектуалдық пайым-парасатын арттырып, отансүйгіштігін қалыптастыруға ықпал жасау. Ұлы ойшылдың туғанына 166 жыл толуына орай ұйымдастырылған байқау 5-7 сынып оқушылары арасында өтті. Байқау 3 кезеңнен тұрды. Атап айтсақ, «Талап» іріктеу кезеңінде әділ-қазылар қатысушылардан Шәкәрімнің бір өлеңін жатқа айтуды талап етті және кез келген жерінен тоқтатып, басқа талапкерден әрі қарай жалғастырып әкетуді өтінді. Екінші, «Білім» сұрақ-жауап бөлімінде оқушылар ақынның өмірі мен шығармашылығына байланысты сұрақтарға жауап берді. Ал үшінші, «Таза ақыл» кезеңде талапкерлердің ой-өрісін, таным деңгейін анықтады. Сайыс ережесі бойынша талапкер Шәкәрімнің өлеңін жатқа айтып, талдау жасады. Бірнеше сағатқа созылған байқауда бақ сынағандар арасындағы үздіктерді таңдау оңайға соқпады. Өйткені бәрі шет-шетінен өнерлі, талантты. Жарты ғасырдан астам еріксіз үзілістен соң халық алдына қайта шыққан тұлғаларымыздың бірі – Шәкәрімнің қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихында алатын орны ерекше. Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі ақынның мұраларын жалпы адамзатқа ортақ қазына деп бағалайды. Оқырмандарымыз дана бабамыздың мұраларын танып қана қоймай, өлеңдерін шынайы сезіммен оқи алды. Осындай ауқымды шаралар жалғасын таба берсін. Шәкәрім шығармасын ұлықтап жүрген барша әріптесім мен ұстаздарға, әрбір оқырманға алғысым шексіз, – деді аудандық орталықтандырылған кітапхананың директоры Гүлдана Жақыпова. Байқау нәтижесінде Жансейіт ауылынан Гүлсезім Абуова бас жүлдені жеңіп алды. Ал Береке кітапханасының оқырманы Кәусар Қайрат пен балалар кітапханасының оқырманы Жанерке Махамбет І орынды иеленсе, Ы.Жақаев атындағы №244 мекеп-лицейінің 7-сынып оқушысы Айерке Алтай, Ы.Алтынсарин атындағы №219 мекеп-лицейінің 6 сынып оқушысы Мерей Сұлтанова, Ы.Жақаев атындағы №244 мектеп-лицейінің 7-сынып оқушысы Гүлназ Есенбек ІІ орынды қанжығасына байлады. Жүлделі ІІІ орынға №1 қалалық кітапханасының оқырманы Айымжан Жұмабек, М.Әуезов атындағы №251 орта мектебінің 6 сынып оқушысы Дидар Өмірбеков, Б.Пәрімбетов атындағы №157 орта мектебінің 6 -сынып оқушысы Жібек Егенбердиева, Қодаманов ауылдық кітапханасының оқырманы Шахназ Бекмырзаева лайықты деп саналды. Іс-шараның соңында жеңімпаздарға Алғыс хат табысталып, бас жүлде иеленген оқушы байқаудың облыстық кезеңіне жолдама алды.
Айнұр МАХСҰТҚЫЗЫ