ШӘКӘРІМ ОҚУЛАРЫ
Жарты ғасырдан астам еріксіз үзілістен соң халық алдына қайта шыққан тұлғаларымыздың бірі - Шәкәрімнің қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихында алатын орны ерекше. Шәкәрім - қазақ әдебиетін жаңа белеске көтерген , қазақ халқының көркемдік ойының үздік үлгілерін туғызған, қазақ өлеңін түрлендіре түскен кемеңгер ақын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әр жылғы жолдауында өскелең ұрпақтың тәрбиесіне ерекше тоқталып кетеді. Президент жүктеген міндеттер мен тапсырмасына сәйкес халықтың мәдениет нысандарына қолжетімділігін арттыру мақсатында «Адал адам – мәдени-тәрбие беру орталығы» Тұжырымдамасы бойынша «Әлем бук» оқырмандар клубын құру аясында қазақ поэзиясының асқар шыңы Абай қалдырған шығармашылық дәстүрді жалғастыра отырып, өз жаңалықтарымен байытып өрнектеген Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармаларын насихаттау мақсатында «Шәкәрім оқулары» атты аудандық байқауына аудан көлеміндегі мектептерден 5-8 сынып оқушыларынан 36 үміткер қатысты. Аудандық білім бөлімінен Индира Оралбекқызы, аудандық қоғамдық даму бөлімінің әдіскері Айнұр Молдахметқызы, аудандық мәдениет үйінің халық театрының режисері Досхан Ерболатұлы және аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Гүлдана Көпболсынқызы қатысушылардың оқу шеберлігіне төрелік жасады. 3 кезеңнен тұратын байқаудан ерекше көзге түсіп, Жансейіт ауылдық кітапханасының оқырманы №133 негізгі орта мектебінің 8 сынып оқушысы Абуова Гүлсезім бас жүлдені иеленіп, облыстық байқауда бақ сынайтын болады.
1 дәрежелі орынды - Береке кітапханасының оқырманы №48 мектеп 8 сынып оқушысы Қайрат Кәусар Қайсарқызы, Балалар кітапханасының оқырманы №46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы Махамбет Жанерке, 2 дәрежелі орынды - Балалар кітапханасының оқырманы №244 Ы.Жақаев атындағы мекеп-лицейінің 7 сынып оқушысы Алтай Айерке, Балалар кітапханасының оқырманы №219 Ы.Алтынсарин атындағы мекеп-лицейінің 6 сынып оқушысы Сұлтанова Мерей, Балалар кітапханасының оқырманы №244 Ы.Жақаев атындағы мектеп-лицейінің 7 сынып оқушысы Есенбек Гүлназ, 3 дәрежелі орынды - №1 қалалық кітапханасының оқырманы №47 М.В.Ломоносов атындағы мектеп-лицейінің 7 сынып оқушысы Жұмабек Айымжан, Бәйгеқұм ауылдық кітапханасының оқырмандары №251 М. Әуезов атындағы орта мектебінің 6 сынып оқушысы Өмірбеков Дидар, Алғабас ауылдық кітапханасының оқырманы №157 Б.Пәрімбетов атындағы орта мектебінің 6 сынып оқушысы Егенбердиева Жібек, Қодаманов ауылдық кітапханасының оқырманы Бекмырзаева Шахназ Шағдатқызы, Ортақшыл ауылдық кітапханасының оқырманы №150 Ортақшыл орта мектебінің 8 сынып оқушысы Қалиев Ерназар Сәрсенұлы иеленді.