Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Каспий теңізінде жоғалған екі әскери қызметшінің денесі табылды

Каспий теңізінде жоғалған екі әскери қызметшінің денесі табылды

Каспий теңізіндегі іздеу жұмыстары барысында тағы екі әскери қызметшінің денесі табылды. Осылайша қаза тапқан әскери қызметшілер саны 14-ке жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.



Қорғаныс министрлігі Каспий теңізі акваториясында жүргізілген іздестіру-құтқару операциясының аяқталғанын хабарлады.
«Бүгін, 25 қыркүйекте, сағат 09:15 шамасында үздіксіз жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстары барысында бұған дейін із-түзсіз жоғалған екі әскери қызметшінің – сержант Мансұр Гумаров пен матрос Мирас Тұрдыбекұлының денелері табылды», делінген хабарламада.
Айта кетейік, 24 қыркүйекте Каспий теңізінің жағалауында оқу-жауынгерлік міндетті орындау кезінде ауа райы күрт нашарлап, желдің күшеюінен әскери қызметшілерді теңізге алып кеткен. Үкіметтік комиссия нақтылаған мәлімет бойынша, теңізге 17 әскери қызметші кеткен. Олардың үшеуі құтқарылды.

Іздеу-құтқару жұмыстарына 252 әскери қызметші, 34 бірлік арнайы жерүсті техникасы, 37 әскери сүңгуір, 14 кеме мен катер жұмылдырылды. Сондай-ақ жұмысқа 4 тікұшақты қоса алғанда, 20-дан астам әуе кемесі тартылды.
Қайғылы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты 25 қыркүйекті Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.
25 қыркүйек 2026 ж. 168 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (9451).

07 қараша 2026 ж.

№83 (9450)

03 қараша 2026 ж.

№82 (9449)

29 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30